Тілдерді оқыту орталығы оқытушылары арасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы – 2024» облыстық байқауы өтті.
Бүгін басқармаға қарасты Тілдерді оқыту орталығының Қызылорда қаласы мен аудандарда ересектерге мемлекеттік тілді оқыту курсын жүргізетін оқытушылары арасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы – 2024» облыстық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – А. Байтұрсынұлының әдістемелік еңбектерін зерделеу арқылы оның тіл меңгертуге қатысты ұтымды әдіс-тәсілдерін анықтау және насихаттау, оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіре отырып, ересектерге қазақ тілінен сабақ берудің сапасын арттыру, өзара тәжірибе алмасу.
Байқауды басқарма басшысы А. Есмаханов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Үш кезеңнен тұратын байқауда оқытушыларымыз өз білімдері мен біліктіліктерін шыңдап, сабақ үлгілерін көрсетті және сөйлеудің 4 дағдысын үйретуге ұсынған тиімді әдіс-тәсілдері мен әдістемелері туралы сұрақтарға жауап берді.
Сабақ барысында өзге этнос өкілдерінен тұратын тіл үйренушілер жазылым, оқылым, айтылым, тыңдалым тапсырмаларын орындау кезінде белсенділік танытты.
Оқытушылардың жұмысын Ұлттық құндылықтар академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Орманова Мария Айтбайқызы бастаған қазылар алқасы бағалады.
Байқау қорытындысымен жеңімпаз болып танылған Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік тіл оқытушысы Таңжанов Жұбатқан Асылбекұлы қыркүйек айында өтетін байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.