Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, бұдан бөлек, басқа да оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында түнгі рейд жұмыстары жалғасуда.
Маусым айының 11-нен 12-не қараған түні өткен рейд барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүргені үшін 24 ата-анаға қатысты (ӘҚБтК-нің 442) әкімшілік шара көрілді, 6 жасөспірім бейімдеу орталығына жатқызылды.
Сонымен қатар, 1 ойын-сауық мекеме иелеріне қатысты кәмелетке толмағандардың болуына жол бергені үшін (ӘҚБтК-132) шара көрілді. 3 дерек (ӘҚБтК-434-2 бабының 1,2 бөліктерімен) яғни, ортақ пайдаланатын орындарды, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау анықталды.
Қызылорда қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы рейд жұмыстары күнделікті жалғасады.