Қызылорда облысының полиция департаментінің 2024 жылғы 5 маусымдағы № 257 бұйрығымен Арал ауданының полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы лауазымына Беркімбаев Мақсат Сүлейменұлы тағайындалды.

Мақсат Сүлейменұлы – 1982 жылы 6 ақпанда Жалағаш ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары.

2003 жылы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Б. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Жалағаш аудандық полиция бөлімінің тергеушісі қызметінен бастаған.

2004-2005 жылдары Қызылорда қалалық полиция басқармасының Тергеу бөлімінің жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыру тобының тергеушісі, тергеу бөлімі бастығының орынбасары;

2005-2006 жылдары Қызылорда қалалық полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің бастығы;

2006-2008 жылдары Қызылорда облысы полиция департаментінің тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі;

2008-2014 жылдары Жалағаш ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары;

2014-2016 жылдары Қызылорда қалалық полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөлімінің бастығы;

2016-2019 жылдары Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының Аса қауіпті қылмыстарға қарсы күрес бөлімшесінің бастығы, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары,
2019-2020 жылдары Қызылорда облысы полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының Сыртқы көші-қон қызметі бөлімінің бастығы;

2020-2022 жылдары Қызылорда облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары;

2022-2024 жылдары Қызылорда облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы;

2024 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысы полиция департаментінің анықтау басқармасының бастығы қызметін атқарып келді.

БӨЛІСУ