2024 жылдың 2-6 маусым аралығында Өзбекстан Республикасының Ферғана қаласында Орталық Азиядағы сумен жабдықтау, санитария және гигиена мәселелеріне қатысты халықаралық семинар өткізілді. Семинарға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Швейцария өкілдері қатысты.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті тарапынан “Су шаруашылығы және жерге орналастыру” білім беру бағдарламаларының аға оқытушысы, т.ғ.к. Далдабаева Гүлнұр Төреханқызы қатысты. Гүлнұр Төреханқызы COP4WASH Орталық Азия практиктері мен зерттеушілері қауымдастығының мүшесі болып табылады.

Тәжірибе алмасу және COP4WASH жобасының барысын талқылауға келген ғалымдар жоғары оқу орындарының зертханаларын дамыту, іске асыру нәтижелері мен тәжірибесін де талқыға салуды ұмытпады. Сонымен қатар семинар отырысында жоба бойынша зерттеу жұмыстары, белгілі бір тақырыптарды оқыту және зерттеу әдістерін әзірлеу мәселелері көтерілді. Орталық Азияның ортақ мүддесі үшін бас қосқан зерттеушілер COP4WASH зерттеу қауымдастығының болашақ қызметіне арналған жұмыс жоспарын құруды кездесудің басты мақсатына айналдырды.

БӨЛІСУ