Ағымдағы жылдың 11 маусымында инспекция басшысы Оразбаев Мұхтар Әуесұлы Жалағаш ауданындағы ерекше қауіпті шегіртке зиянкесіне қарсы жүргізілетін химиялық өңдеу жұмыстарының барысымен танысты.

Жаңақорған ауданындағы химиялық өңдеу жұмыстарын мердігер мекеме “Авиакомпания “Дельта-Юг”” ЖШС жүргізу үстінде. Бүгінгі таңда аудан бойынша италиялық прус зиянкесіне қарсы жоспарланған 1500 га жерге толығымен химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Азиялық шегірткеге қарсы 3200 га жерге өңдеу жұмыстары жоспарланып, бүгінде 1130 га жерге химиялық өңдеу жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілді. Аудан аумағындағы өңдеу жұмыстары аса жеңіл ұшақ және жер агрегаттары арқылы жүргізілуде.

2024 жылы Қызылорда облысы бойынша ерекше қауіпті шегіртке зиянкесіне қарсы 49 765 га жерге химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде “италиялық прусқа” қарсы – 8 100 га, “азиялық шегірткеге қарсы” – 41 665 га.

Облыс аумағындағы ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы фитосанитариялық іс-шаралардың өз деңгейінде және уақытылы жүргізілуі Қызылорда Облыстық Аумақтық Инспекциясының тұрақты бақылауында.

БӨЛІСУ