16 маусымда Шиелі ауданының Жаңатұрмыс, Еңбекші, Қарғалы ауылдық округтерінің әкімі сайланады.

Сондай-ақ, ауданда 7 шілде күні Ақмая, Тұран ауылдық округтері әкімінің сайлауы өткізіледі.
Сайлау науқаны Күнтізбелік жоспар аясында ұйымдастырылады.
Сайлау процесіне жауапты аумақтық және учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңында көзделген талаптарды және сайлаушылар құқығын сақтауға міндетті.
Бұл ретте Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері аудандық АСК-ге және учаскелік комиссияға әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету және оқыту жүргізу үшін Шиелі ауданына іссапармен барды.

Оқытуда Шиелі АСК төрағасы Молдабай Дулатов ауылдық округтер әкімінің сайлауын өткізуге қатысты баяндама жасап, учаскелік сайлау комиссиялары дауыс беру күнгі сәтте жүзеге асатын процесті іскерлік ойын форматында көрсетті.
Ал, облыстық АСК төрағасының орынбасары Болат Накипов пен комиссия мүшесі Абай Тағыберген тосын әрекеттерге негізделген жағдаяттардан шығу жолдарын түсіндіріп, нақты талдаулар жүргізді.

Оқыту барысында облыстық АСК мүшелері учаскелік комиссия мүшелерінің сауалдарына жауап беріп, дауыс беру күнгі заңдылықты сақтау бағытында ой өрбітті.

БӨЛІСУ