Қызылордада: «Заңсыз келуші» іс – шарасы аясында 350 заң бұзушылық анықталды.

 ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес қала аумағында «Заңсыз келуші-2024» жедел профилактикалық іс – шарасы өткізілді.
Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу мақсаты қала көлемінде заңсыз көші-қондылық арналарын анықтау және жолын кесу, қоғамдық тәртіпті сақтау, сонымен қатар көші-қондылықты бақылау жұмыстарын жүзеге асыру кезінде құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеуге бағытталған кешенді шаралар қабылдау болып табылады.
Іс-шара барысында қала аумағына келген шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершіліктерге тарту, іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайларын, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп, рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Іс шара аясында жалпы
350 заң бұзушылық анықталды.
Нәтижесінде Көші-қон заңнамаларын бұзған ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабымен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 350 шетелдік анықталды.
Сонымен бірге ҚР ӘҚБтК-нің 518 бабымен (Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамадарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 59 ҚР азаматтары және ӘҚБтК-нің 519 бабы (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы) бойынша 11 ҚР азаматына әкімшілік шаралар көрілді.
Қызылорда қаласы мамандандырылған әкімшілк сот қаулысымен 4 Өзбектан Республикасының азаматы Қазақстан Республика аумағынан әкімшілік жолмен шығарылды.
Осыған байланысты, аталған бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері нақты тапсырмалар бойынша тиісті ұйымдастырушылық шаралар қабылдады. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады.

БӨЛІСУ