ИОРДАНИЯЛЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Иорданиялық «Alhusaini Group» компания мұздатылған тауық етін өндірумен, өңдеумен, маркетинг және таратумен айналысады.

Іссапар аясында делегация өкілдері Жаңақорған ауданындағы «Абдулла» ШҚ құс фабрикасы жобасының қызметін егжей-тегжейлі зерделеу мақсатында басшылығымен кездесті.

Облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев
компания өкілдерін қабылдап, облыстың инвестициялық әлеуетімен таныстырды.

— Облыстың құс етін тұтыну қажеттілігі жылына 14,1 мың тоннаны құраса, оның барлығы сырттан әкелінеді. Қазіргі таңда аймақта 1 ғана құс фабрикасы жұмыс жасайды, ол Қармақшы ауданындағы «Қармақшы құс» фабрикасы. Өндіріс қуаттылығы облыс халқының 21%-ын ғана құс етімен қамтамасыз етуге қауқарлы.
Құс еті әлеуметтік маңызы бар тамақтың бір түрі екендігін ескере отырып, аймақта тағы құс фабрикаларын ашу бағытында жұмыстар жүргізуге дайын екендігімізді жеткіземіз, — деді Ардақ Темірханұлы.

Кездесу нәтижесімен делегация Қызылорда қаласының «Өндіріс» индустриялық аймағының жер телімдерімен танысып,
облыстың инвестициялық әлеуеті туралы ақпараттар берілді.

БӨЛІСУ