Қала әкімдігі жанынан құрылған мобильді топ кезекті түнгі рейдтік іс-шараларды ұйымдастырды. Негізгі мақсат – жастар мен жасөпірімдер арасындағы қылмыстың, топтық төбелестердің алдын алу және кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын оқыс оқиғаларды болдырмау.

Жедел топ аралау кезінде қала аумағындағы ойын сауық орындарын, саябақтар, ойын алаңдары және жастар көп шоғырланатын аймақтарды назарға алынды. Сондай-ақ, кәсіп иелеріне жаднымалар беріліп, жауапкершілік туралы түсіндірілген хабарламалар таратылды.

Рейд барысында 36 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүргені үшін 31 ата-анаға қатысты (ӘҚБтК-нің 442) әкімшілік шара көрілді. 1 ойын-сауық мекеме иесіне нысанда кәмелетке толмағандардың болуына жол бергені үшін (ӘҚБтК-132) хаттама рәсімделді.

Жалпы, жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігіне сәйкес, яғни түнгі уақытта 23.00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болған 1292 жасөспірім (2023 жылы-1229), ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы 1 бөлігіне сәйкес, 173 (2023-90) жасөспірім анықталды.

Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті жүргізіледі. Ата-аналарға заңды өкілінсіз балаларын беймезгіл уақытта үйден тыс жіберулеріне тыйым салынады.

БӨЛІСУ