Сыр өңірінде Қызылорда облысы әкімінің жүлдесіне арналған жайдарман фестивалі өтті. Фестивальға 13 команда таланттары мен тапқырлықтары көрермендерге жарқын көріністерді ұсынып, көпшіліктің көңілінен орын алды. Өнер көрсеткен командалар қатарында Жамбыл облысының «Жуалы», Түркістан облысының «Төле би», Астана қаласынан «КРАШ»; Шымкент қаласынан «Абырой»; Орал қаласынан «Талант»; Өзбекстан Республикасы, Қарақалпақстаннан «Алмаз»; Алматы облысынан «⁠Алатау SU»; Түркістан облысынан «Карамель»; Орал қаласынан «Дежавю»; Батыс Қазақстан облысынан «Европолис»; Астана қаласы «Ақпен бірге»; Қызылорда қаласы «Q құрамасы» және «Ассамблея жастары» командалары қатысты.

Нәтижесінде аймағымыздан 2 команда, өзге облыстардан 10 команда және қарақалпақстандық «Алмаз» командасы қатысты.
Мемлекеттік бағдарламалармен қатар жастардың шығармашылығын, рухани дүниесін дамытуға, актерлік қабілетті қалыптастыруға үлес қосып жүрген жобаның бірі – Жайдарман ойындары.
Жоба әзіл-оспақты пайдалана отырып, қоғамның дамуындағы мәселелерді ашуға, ұлттық дәстүр мен мәдени құндылықтарды сақтауға шақырып, отансүйгіштік пен ұлттық сананың биік адамгершілік ұстанымдарын насихаттап келеді.
Фестиваль қорытындысымен Астана қаласының «КРАШ» командасы – І орын (1 млн.теңге), Алматы облысының «⁠Алатау SU» командасы – ІІ орын (500 мың теңге), Қызылорда қаласының «Ассамблея жастары» командасы – ІІІ орын (300 мың теңге) иегері атанды.
Сондай-ақ, ерекше өнерімен көрермен көзайымына айналған «⁠Алатау SU» командасының мүшесі «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.
Барлық командаларға аймақ басшысының Алғысы табысталды.

БӨЛІСУ