Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Бесарық ауылында салынып жатқан спорт кешені құрылысының барысын көрді.
Ауыл халқының спортпен тұрақты шұғылдануына мол мүмкіндік жасайтын спорт нысанының құрылысын «SCS Инжиниринг» ЖШС атқаруда. Қазіргі таңда спорт кешенінің ішкі құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, спорттық құрылғылар орнатылуда.
Аудан әкімі спорт нысанының елді мекен тұрғындары үшін маңызы зор екенін атап, оның сапалы салынуы басты шарт екенін ескертті. Құрылыс барысында орын алған кемшіліктерді жылдам қалпына келтіруді айтты. Салалық орынбасарына осы жұмыстарды үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.
Ауданда спортты дамыту бойынша қабылданған шаралар аясында спортпен тұрақты айналысушылардың үлесі 38 пайызды құрады. Өткен жылы облыстық бюджеттен бөлінген 88 млн. теңгеге Тереңөзек кентіндегі спорт клубы күрделі жөндеуден өтті. Оған қоса, Бесарық ауылындағы спорт кешені биыл пайдалануға беріледі.