Бюджеттік Кодекстің 130-бабына сәйкес, мәслихаттың тұрақты комиссияларында 2023 жылдың облыстық бюджетінің атқарылуы туралы есебі қаралуы тиіс. Осыған байланысты облыстық мәслихат депутаттары бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бірінші басшыларының даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізілуі және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы баяндамаларын тыңдауға міндетті.
Соған сәйкес дайындалған арнайы кесте бойынша бүгін облыстық мәслихаттағы 2 тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтіп, 2023 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы жөнінде облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Камбозұлының есебі тыңдалды. Сондай-ақ, Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның осы жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, «Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жайы туралы» мәселе қаралып, аталған мәселе бойынша облыстық мәслихат депутаты Е.Искендер хабарлама жасады. Сонымен қатар, осы мәселе бойынша облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Қ.Бектұр және Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы М.Қалдарбековтің де хабарламалары тыңдалды.
Айта кетсек, осыған дейін барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларындағы көрсетілген тікелей түпкілікті нәтижеге қол жеткізілуі туралы есептері тыңдалған болатын.
Бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне мәслихат депутаттары тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта қандай да бір олқылықтарға жол бермеу қатаң ескертілді.