Бүгін партияның қалалық филиалының жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасының Қызылорда қаласы бойынша іске асырудың Жол картасы төңірегіндегі Өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту, елді мекендерді аяқ сумен қамту шараларының жүргізілуі жайлы;
2024 жылдың ақпан айында ПБК отырысында қаралған мәселе бойынша Белкөл кентіндегі темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған көпірі және Н.Назарбаев даңғылы мен Ділманов көшелерінің қиылысындағы көпірдің мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған көтергіштерін қалпына келтіру;
2024 жылдың қаңтар айында ПБК отырысында қаралған «Ауыл аманаты» жобасы бойынша қаржыландырылған жобалардың жұмыс жасау барысы туралы мәселелер талқыланды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша баяндама жасаған қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі басшының м.а Дархан Бақтияров: Қаладағы Мұратбаев көшесі мен Яссауи көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер көпіріндегі сыртқы әсерден істен шыққан көтергіш мердігер мекеме тарапынан қалпына келтірілді. Қазіргі таңда, жаяу жүргіншілер көпірінің көтергіші уақытша тоқтан ажыратылды.
Сонымен қатар, аталған мердігер мекеме тарапынан демеушілік есебінен Назарбаев даңғылы мен Ділманов көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер көпірінің көтергіші қалпына келтіріліп, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін көтергішті пайдалануға ешқандай кедергі жоқ.
Бұдан бөлек, 2023 жылдың басында пайдалануға берілген Белкөл кентіндегі жаяу жүргіншілер көпірі бойынша мердігер мекеме тарапынан көпірдің көтергіші және өзге де элементтері сыртқы әсерден яғни қасақана жасалған әрекеттен істен шыққандығын алға тартуда.
Аталған көпірлерге қатысты вандализм әрекеттері бірнеше рет орын алғанын ескеріп, Облыстық полиция департаментіне аталған аумақты бейнебақылау камераларымен қамтамасыз ету туралы ұсыныс хаттар жолданды. Себебі, қазіргі таңда құзырлы органдар тарапынан вандализм әрекеттерін жасаған азаматтар анықталмай, жауапкершілікке тартылмауда,-деп мәлімдеді.
Аталған мәселе бойынша Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, тұрғындарға жайлы жағдай қалыптастыру мақсатында аспалы көпірлерге бейнебақылау камерасын қою керектігін, мәселені оңтайлы шешу тетіктерін қарастыруды тапсырды.