Бүгін Қазалыда 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай марафон жарысы өтті. Жарысқа қатысушылар 10 шақырымға жүгірді. Марафон басталмас бұрын аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов спортшыларды мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.
Мерекеге орай ұйымдастырылған марафонда қазалылықтармен қатар Қызылорда облысының әр түкпірінен келген желаяқтарда бақ сынады.
Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен жарыстың жеңімпазы қазалылық Нұртуған Сазанбай атанды. Жүлделі екінші орынды аралдық Мейірбек Файзуллаев иеленсе, жүлделі үшінші орын қазалылық марафоншы Ерасыл Қожақметке бұйырды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Мемлекеттік рәміздер күніне орай өткен салтанатты шарада құттықтап, қаржылай сыйақыларды табыс етті. Сондай-ақ, алғашқы болып келген спортшылар мен ең жас марафоншы аудан әкімінің «Алғыс хатына» ие болды.