«Жазғы сауықтыру лагерінде әртүрлі жастағы балалармен жұмыс жасауда балалар ұжымдарының өмірі мен қызметін ұйымдастырудың әртүрлі формаларымен әдістерін, психологиялық-педагогикалық диагностика әдістерін қолдану» өндірістік оқыту аясында «ДЕМАЛЫС ЗЕРТХАНАСЫ: ЖАРҚЫН. ҚЫЗЫҚТЫ.ТАМАША» тақырыбындағы педагогикалық жасақтардың жазғы тәжірибеге дайындық есебі өтті.
Мақсаты – білімді, креативті, бәсекеге қабілетті, жазғы сауықтыру лагері талаптарын орындай алатын тәлімгерлер даярлығын тиянақтап, іс-тәжірибеге жіберу.
Жұмыс жоспары бойынша:
«Болашақты жасайтын уақыт» отряд визиткаларын қорғау;
«Бірге ойна!» ойын жобалар байқауы;
«Көңілді эстафета» спорттық жарыс;
«Сүйікті мульти-персонаждардың кейпінде келу» тематикалық күн өткізілді.
Машықтанушылар әр типті лагерлерге, сонымен қатар, Ақмола облысы, Щучинск қаласындағы «Балдәурен РОСО» РМҚК лагеріне іріктеліп жіберілді. Колледж директоры Ж.Қ.Тоғанова сәттілік пен шығармашылық табыс тілеп, педагогикалық жасақтарға сертификат табыстады.