Өңірлерде инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерінің желісі кеңейіп келеді.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен Білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес елімізде инклюзивті білім беруді дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Балаларды қорғау күнінің қарсаңында Ақмола облысының төрт ауданында инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттері ашылды: Бурабай, Бұланды, Сандықтау және Жақсы аудандары.

 Инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерінің негізгі мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін балаларға оқу кезінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.

«ҚР Оқу-ағарту министрлігі инклюзивті білім беруді дамытуға басымдық беруде. Бүгінгі таңда жалпы білім беру мектептерінің 86%-дан астамында қазірдің өзінде инклюзивті білім беру бойынша жағдай жасалды, 9,7 мың арнайы педагог психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жүргізуде. Сондай-ақ 2,5 мыңнан астам педагог-ассистенттер енгізілді, олар білім алушыларға қолдау білдіруде маңызды рөл атқарады», – дейді инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева.

 Атап өту керек, қазіргі уақытта елімізде мектептер жанынан 1051 инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті және 22 ресурстық кеңес беру орталығы жұмыс жасауда. Бұл шаралардың барлығы барлық балалар үшін қолжетімді және инклюзивті білім беру ортасын құруға бағытталған.

Қызылорда облысындағы мектептерде ерекше білім алуды қажет ететін балаларға қолайлы жағдай жасалған. «Жол картасы» аясында және «Қазақстан халқына» қорының қолдауының арқасында облыстағы 170 білім беру мекемесінде инклюзивті қолдау кабинеттері ашылды.

Мыңға жуық мамандар – логопедтер, дефектологтар және педагогтар – балаларға оқу бағдарламасын меңгеруге және әлеуметтік ортаға бейімделуге көмектеседі. Бұл ең алдымен оқу бағдарламаларының өзгермелілігі мен икемділігі. Олар оқушылардың психофизикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін ескере отырып құрастырылған. Бұл баланың көру, есту немесе сөйлеу қабілетінің бұзылуы болуы мүмкін. Көрсеткіштерге сүйене отырып,  жеке көмекші немесе оқытушы көмекшісін ұсынылады.

Облыстағы 295 мектептің 170-інде инклюзивті қолдау кабинеттері ашылды. Алдағы екі жылда олардың санын көбейтуді көздеп отыр. Осындай тағы 14 кабинет ашу межеленген. Жаңа мамандарды дайындап, бар мамандардың біліктілігін арттырмақ. Қазіргі уақытта ерекше білім беруді қажет ететін 1200-ге жуық бала инклюзивті білім алуға мұқтаж. 2024 жылы оның 300-і мемлекеттік тапсырыспен қамтылады. Қалған 800-і 2025 жылы жеткізіледі. Бүгінде облыста 7 мыңға жуық мүгедектігі бар бала есепте тұрса, оның 1468-і мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қамтылған. Мыңнан сәл астамы үйде, 299-ы арнайы оқу орындарында білім алуда. 2214 ерекше бала кәдімгі мектепке баруға мүмкіндік алды.

БӨЛІСУ