Бүгін партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қалалық тұрғын үй инспекциясының бөлімінің меңгерушісі Пазылова Гүлмира Сансызбайқызы мен «Отбасы банк» АҚ Қызылорда филиалының қызметкері Ғалым Әділ қатысуымен ашық есік күні ұйымдастырылды.

Аталған шараға келуші азаматтар тұрғын үй кезектілігі, банк арқылы ипотекалық несие рәсімдеу және жастарға арналған бағдарламалар бойынша тақырыптарды қозғады.

Тұрғын үй кезектілігі мәселесі бойынша Г. Пазылова қазіргі таңда қарқынды жұмыс жасалып жатқанын және тұрғындардың кезектілік реті заңдылыққа сай жылжитынын жеткізді.

Банк арқылы ипотекалық несие рәсімдеу бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Несие рәсімдеу барысында салымшының төлем төлеу мүмкіндігіне толық зерттеу жүргізіліп, төлемшінің кірістерімен қатар несие тарихы да зерттелетіні айтылды.

Жастар мен әлеуметтік осал топтар санатындағы тұрғындарды үймен қамту бойынша «Наурыз» бағдарламасы жөнінде ақпараттар беріліліп, бағдарламаның негізгі шарттары мен төлемшіге қойылатын талаптар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

БӨЛІСУ