Тереңөзек кенті мәдениет үйінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» пен «құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықтық түсіндіру» мобильді тобы аудан тұрғындарына құқықтық кеңес берді!!!
Кеңес беру шарасына қатысқан оннан астам түрлі сала мамандары аудан тұрғындарын қабылдап, көкейлерінде жүрген сауалдарына заң аясында жауап берді.
Мобильді топтың құрамына заңгерлер, мемлекеттік кіріс, әділет, денсаулық сақтау, білім салаларының мамандары мен адвокаттар, волонтерлер, сондай-ақ, басқада құқық қорғау органдарының өкілдері қосылды.
Аудан тұрғындары мобильді топ мүшелерінен жұмысқа орналасу, автомобиль жолдарының жай-күйі, елді мекен аумақтарынының абаттандырылуы, мемлекет тарапынан берілетін несие, жеңілдіктер және субсидия алу секілді мәселелер бойынша өз кеңестерін алды.
Мамандар 80-ге жуық аудан тұрғындарының жеке мәселелері мен дауларына қатысты өз кеңестерін беріп, заңдылықтарын түсіндірді. Қабылдау барысында азаматтардың жүгінген мәселелері ҚР СЖҚІА Қызылорда облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының бақылауына алынды.
Айта кету керек, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» және «құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықтық түсіндіру» мобильді тобы жыл соңына дейін бекітілген жоспарға сәйкес облыстың барлық аудандары мен ауылдық округтерінде құқықтық көмек көрсететін болады.
Аталған шара барысында тұрғындар арасынан «құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықтық түсіндіру» жұмыстарына байланысты сауалнама жүргізілді.