Қызылорда қаласы бойынша биылғы жылы бекітілген сызбаға сәйкес 8 677 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырылатын болады.

Оның ішінде: Негізгі дақыл күріш 3 614 га бидай 122 га, қант құмайы 50 га, жаздық арпа 2 га, жүгері 5 га, жаңа жоңышқа 300 га, ескі жоңышқа 1 763 га, картоп 500 га, көкөніс 1 330 га, бақша 990 га.
Бүгінгі күнге күріш дақылының 2 950 гектарға егіліп, 2750 гектары суға бастырылды.
Биылғы жылдың егісіне 1033 тонна күріш тұқымы құйылды. Құйылған тұқымының 4.4 пайызы Отандық, 95,6 пайызы Ресейлік сорттар.
«Казагрэкс» АҚ Қызылорда облыстық филиалының мәліметі бойынша, тексеруге түскен 1033 тонна күріш тұқымының, себу дәрежесіне жеткені 1033 тонна (100 %), оның ішінде 21 тоннасы (2,0 %) 1-класс.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге барлығы 157 дана ауыл шаруашылығы техникасы қатысуда және қажетті дизель отынымен толығымен қамтамасыз етілген.

БӨЛІСУ