24 мамыр күні қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевтың төрағалығымен Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

Комиссияның күн тәртібінде 3 мәселе қаралып, ата-аналарға әкімшілік шара қолдану, баласынан бөлек тұратын
ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыру және жасөспірімдер тарапынан орын алған құқық бұзушылық мәселелері талқыланды.

​Комиссия төрағасы Дархан Есалыұлы кәмелетке толмағандардың профилактикасын күшейту мақсатында сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

​Комиссия тарапынан кәмелетке толмағандардың мәселесі бойынша балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында тиісті шешімдер қабылданды.

БӨЛІСУ