Ресей Федерациясының ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінің орыс тілі институты “Цифрлық дәуірдегі маманның ақпараттық-коммуникативтік мәдениеті” атты Халықаралық студенттік жобалық сессиясы өтті. Іс-шара ресейлік және шетелдік университеттердің жаңадан бастаған зерттеуші-студенттері мен аспиранттарының ғылыми ізденістерінің нәтижелерін ұсынуға арналған халықаралық алаңға айналды. Жобалық сессия барысында қатысушылар желілік кәсіптік-іскерлік кеңістіктің өзекті мәселелерін талқылады.

Сессияға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің “Орыс тілі мен әдебиеті” білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, п.ғ.к Сәуле Жарбулованың жетекшілігімен РЯЛ-22-2 және РЯЛ-21-2 тобының студенттері Мұратбаева Эльвира мен Жамаладин Нұрай конкурстық негізде шақырылды. Жобаларын сәтті қорғаған студенттердің презентациялары креативті көзқарас пен өзекті тақырыптарды ашқаны үшін жоғары бағаланды.
Жобалық сессия бағдарламасы: интерактивті іс-шаралар мен дәрістер, магистранттар мен аспиранттардың баяндамалары, мәдени бағдарлама, шеберлік сыныптары және іскерлік ойындардан тұрды. Сессия соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

БӨЛІСУ