Шиелі ауданына жасаған арнайы іс-сапары аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мендалиев Ерлеген Жәрдемұлы және Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі Нәлібаев Мақсұт Ыбрайханұлы «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының ғимаратында азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Жеке қабылдау барысында азаматтардың сауалдарына қолданыстағы заңнама аясында түсіндірмелер берілді. Сондай-ақ, ұсыныстары жазбаша түрде алынып, ескерілетіндігін жеткізді.
Шиелі ауданы әкімдігі жанында «Мемлекеттік қызмет – мерейлі міндет» тақырыбында жас мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізілді.
Кадр саясатының өзекті мәселелерінің қатарында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексі, тәртіптік жаза қолдану қағидасы, Қазақстан Республикасындағы заңдарда белгіленген шектеулер мен тиымдарды қатаң түрде сақтау болып отыр.
Мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамның кез-келген саласының дамуы – бірінші кезекте мемлекеттік қызмет сапасына байланысты.
Осыған орай ағымдағы жылдың мамыр айынының 24 күні «Мемлекеттік қызмет – мерейлі міндет» тақырыбында Шиелі ауданының жас мемлекеттік қызметшілерімен кездесу семинары өткізілді.
Семинар барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
Семинар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мендалиев Ерлеген Жәрдемұлы және Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі Нәлібаев Мақсұт Ыбрайханұлының қатысуымен өткізілді.