Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «AMANAT» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады.

Тұрғындар денсаулық сақтау, тұрғын үй және жұмысқа орналасу мәселелерін қозғады.

Қабылдауға келіп ұсыныс-пікірін, өтінішін жеткізушілердің сауалдары назардан тыс қалмайды. Әрқайсысы толық зерттеліп, заң аясында шешілу жолдары қарастырылады. Кейбір сұрақтар бойынша түсіндірмені мамандар сол жерде берді. Бірқатарының шешілу жолдары көрсетілді.

Бүгінгі қабылдауда облыс әкімі жауапты басшыларға І топ мүгедектігі бар азаматты тұрақты жұмысқа орналастыру жолдарын қарастыруды тапсырды. Сонымен бірге ІІ топ мүгедектігі бар, асыраушысы жоқ қала тұрғынының баласын облыс әкімінің грантымен медицина академиясына түсіру үшін қажетті шаралар қабылдау міндетін жүктеді.

Сондай-ақ, көп балалы ана мұғалім болып жұмысқа орналасу мәселесін көтерді. Бұл сұрақ заң аясында, конкурс арқылы шешілетіні айтылды.

Еске салайық, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

БӨЛІСУ