Аппараттық мәжілісте 3 мәселе қаралды. 2024 жылдың сәуір айына ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен бюджеттің атқарылуы және 1 маусымға орындалу болжамы тыңдалды.

2023-2024 оқу жылын аяқтау және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру шаралары нақтыланды.

Аудан көлемінде жолаушылар тасымалы барысындағы мәселелер бойынша тапсырмалар берілді.

Күн тәртібіне сәйкес ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен бюджеттің атқарылуы бойынша 2024 жылдың 4 айында жоспарланған макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсім қалыптасып, жоспарланған қаржыларды толық игерілген.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов алдағы уақыттада босаңсуға жол бермей ай сайын жоспарланған қаржыларды толық игеруді, оның ішінде республикалық бюджет қаражаттарын 100 пайызға игерілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының төрағалығымен өткен мәжілістерде облыс, аудандар бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы туралы нақты тапсырмалар берілуде. Осыған сәйкес, аудан әкімі Ардақ Ибраимов жыл бойы тұрақты түрде жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізіп, қажетті шаралар қабылдану қажеттігін жеткізді.

Санаулы күндерден кейін білім беру саласында 2023-2024 оқу жылы қорытындыланып, жазғы демалыс уақыты басталады.

Бұл ретте аудан әкімі Ардақ Ибраимов аудан аумағындағы жазғы демалыс жұмыстарын ұйымдастыруға аудандағы мүмкіндіктерді де пайдалану керектігін айтты.

Б.Құлтекенов атындағы бассейнге, аудандық тарихи-өлкетану мұражайына, орталық кітапханаға, кино көрсетілімдеріне лагерь тынығушыларын тегін апару мүмкіндігін қарастырылатын болады.

Жасөспірімдердің жазғы мезгілде бос уақытын еңбек демалысымен қамту мақсатында шаруашылықтармен бірлесіп, еңбекке тарту шаралары жүзеге асады.

Қызылорда-Жалағаш бағытына қатынайтын такси жүргізушілері жол ақысын өздеріне қажеттілігіне қарай өзгертіп отыратынын ескерткен аудан әкімі, сала бойынша жауапты басшыларға жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар жолақы құнын тұрақты ұстау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Мәжілістің күн тәртібінде қаралған мәселер бойыша берілген тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуы аудан әкімінің орынбасарларына жүктелді.

БӨЛІСУ