7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев өңірдегі әуе қорғанысының бөлімшесі №10216-Ж бөлімінде болып, әскери қызметкерлерді және ауданымыздың «Айбын», «Жас ұлан» құрамаларын мерекемен құттықтады.

Аудан басшысы жиналған қауымға ізгі лебізін арнап, бұл күннің тарихи маңыздылығына тоқталып өтті.
-“Біз – тұтас тарихы, қаһармандық дәстүрі қалыптасқан жұртпыз. Қашанда Отан үшін оққа кеудесін тосқан алдыңғы буынның ерлігін дәріптеу, бүгінгі мамыражай әрі бейбіт өмірді ұрпаққа аманат ету біздің перзенттік парызымыз. Қазір тәуелсіз еліміздегі айбынды әскерлеріміз жауынгер ұрпақтың ерлік дәстүрін лайықты жалғастыруда. Тәулік бойы жауынгерлік кезекшілікпен әуе желісіндегі азаматтық, әскери рейстерді міз бақпай күзетудегі қырағы қызметтеріңізді әрдайым жоғары бағалаймыз. Сіздер еңбек жолын Отанды қорғауға арнап, өз міндеттеріңізді мінсіз орындап, антқа адал қызмет атқарып келесіздер. Бүгінгі мерейлі сәтте осындағы сарбаздарымыз бен сардарларымызға алғысымды білдіремін”- деді, Аманжол Сақыпұлы.

Мерекелік салтанат одан әрі №10216-Ж әскери бөлімінің қызметкерлері және ауданымыздың «Айбын», «Жас ұлан» құрамаларын құттықтау рәсіміне жалғасты.

БӨЛІСУ