Жалағаш кенті және ауылдық округтерде жаппай сенбілік шаралары ұйымдастырылды.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов сенбілік жұмыстарымен танысып, жауапты сала басшыларына жиналған күл-қоқыстар мен қалдақтарды уақытылы жинап алу қажеттігін жеткізді. Аудан бойынша тазалық жұмыстарына атсалысып жатқан азамттардың еңбегі, туған жерге жанашырлығы көпке үлгі екенін айтты.

Сенбілік жұмыстарына аудан бойынша меншік нысанына қарамастан барлық 145 мекемеден 1900-ге жуық адам қатысып, 24 дана техника жұмылдырылды.

Сенбілікте көшелер мен саябақтардағы қоқыстар тазартылып, қураған талдар кесіліп, аяқ су жүретін арықтар қураған жапырақтардан тазартылып, 12 тоннаға жуық күл-қоқыстар белгіленген орындарға шығарылды. Сондай-ақ, сенбілік жұмыстарының аясында көшелер, аллеялар мен саябақтарда 4200 түп ағаш отырғызылды.

Жиналған қоқыстарды шығаруға Жалағаш кенті бойынша жауапты мердігердің, ауылдық округтер бойынша шаруа қожалықтардың техникалары жұмылдырылды. Сонымен қатар, Жалағаш кенті және ауылдық округтердегі саябақтар мен аллеяларды тазалау жұмыстары жүргізілді.

Бүгін аудан әкімі А.Ибраимов Жалағаш кентіндегі Шоңбай ақын көшесін аралап, көше тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Аудан әкімімен кездескен тұрғындар Шоңбай ақын көшесін күрделі жөндеуден өткізіу мәселесін қозғады.

Бұл ретте, аудан әкім Ардақ Ибраимов тұрғындардың ұсыныс-тілектеріне сәйкес ағымдағы жылы аталған көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінің жеткізіп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырма берді.

Сондай-ақ аудан әкімі тұрғындармен кездесу кезінде көркейту-көгалдандыру жұмыстарына тұрғындар тарапынанда қолдау білдіруді сұрады. Айта кетейік биыл да көшелерді абаттандыру, жөндеу жұмыстары қарқынды жалғасатын болады.

БӨЛІСУ