Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы және аудандық қазынашылық басқармасының ұйымдастыруымен «Бюджет қаражатын басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңеске аудан әкімінің орынбасары Е. Әбішев, Тексеру комиссиясының мүшесі Пшанов Бауыржан, Қызылорда облысы бойынша ішкі аудит департаменті басшысының орынбасары Өмірбаева Майра, Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы Исмаилов Мұхамедияр Асылбекұлы және Арал аудандық қазынашылық басқармасының өкілдері, аудандағы мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшыларымен жауапты мамандары қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес облыс бойынша тексеру комиссиясы, ішкі мемлекеттік аудит, қазынашылық органдары және мемлекеттік сатып алу саласының өкілдері баяндама жасады. Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қаржылық бұзушылықтардың алдын алу, жергілікті бюджеттердің жоспарлау сатысында әзірлеу, қарау және бекіту мен нақтылау кезінде бюджет кодексінің талаптарын қатаң сақтау, қаржылық тәртіпті нығайту және бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша семинар кеңеске қатысушыларға кеңінен ақпарат ұсынылды.

БӨЛІСУ