Достар, сіздерді OZIMIZ ауызша әңгімелер байқауына қатысуға шақырамыз!
Өз тарихымызды ӨЗІМІЗ айтатын кез келді!

Тарихты білу — адамның өзін, өз Отанын тануына, ілгері басуына, ұрпақтар сабақтастығын сақтап, болашақтан үміт үзбей, үйлесімді дамуына аса қажетті іс деп білеміз.
Тарих даталар мен құрғақ фактілердің жиынтығы емес. Тарих дегеніміз – нағыз қарапайым адамдардың өмір жолы, ата-әжелеріміздің өмірі, олардың тілегі мен талпынысы, құмарлықтары мен жеңістері.

Отбасыңыздың, ауылыңыздың, көшеңіздің немесе қалаңыздың тарихын айтып, 1 500 000 теңге ұтып алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Байқауға 12 мен 25 жас аралығындағы адамдар қатыса алады.
Жұмыстар мәтін, аудио немесе бейне форматта, қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін info@qalam.global электронды пошта арқылы қабылданады.

Байқау туралы толығырақ ақпаратты @ozimiz.global

OZIMIZ aуызша әңгімелер байқауын QALAM.GLOBAL медиажобасы әзірлеп, ұйымдастырады.

БӨЛІСУ