ҚҰРМЕТТІ ИНВЕСТОР!

Қызылорда облысы Қазақстанның инвестициялық тартымды өңірлерінің бірі болып табылады. Облыстың басты артықшылықтарының бірі – тиімді географиялық орналасуы, көлік-логистикалық әлеуеті және минералдық-шикізат ресурстарының болуы. Мұнда индустриялық және шағын индустриялық аймақтар белсенді дамып келеді, бұл инвесторларға мемлекеттің қолдауымен жобаларды іске асыруға кең мүмкіндіктер береді.

Облыста инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытқан отандық және шетелдік инвесторлардың жобаларын сүйемелдеу, туындаған мәселелерін шешу, тартылатын инвестиция көлемін арттыру бағытындағы жұмыстармен бірқатар мекемелер, яғни салалық басқармалар, «Бизнеске арналған үкімет» мекемесі, «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы, «Қызылорда» микроқаржы ұйымы, Қызылорда облысын дамыту орталығы айналысуда.

Жалпы, облысқа келген әрбір инвесторға және жүзеге асырылатын әр жобаны жүзеге асырылу барысына сүйемелдеу жүргізіліп, Жоба бойынша жол картасы әзірленеді, әр жобаның ағымдағы ахуалына мониторинг жүргізу және проблемалық мәселелерін салалық органдарға жолдау үшін жауапты қызметкер тағайындалады.

Барлық мәселелер бойынша кеңес алу үшін электрондық мекенжайға invest.kyzylorda@gmail.com сұрақтарыңызды жіберу қажет. Біз сізге инвестициялық идеяларыңызды жүзеге асыруға, әкімшілік және консультациялық қолдау көрсетуге дайынбыз!

БӨЛІСУ