Департамент 3 айдағы жұмысын қорытындылады.

Бүгін Сот әкімшілігі Қызылорда облысы бойынша Департаментінің құрылымдық бөлімдерінің 2024 жылдың 3 айында атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша жиын өтті.
Жиынға Департамент басшысы С.Сүлеймен, Департамент басшысының орынбасалары Е.Бөрібаев, М.Асанова, бөлім басшылары, аудандық және оған теңестірілген соттардың әкімшісі басшылары, мамандары қатысты.
Шараны Департамент басшысы  Сағатбек Болатбекұлы ашып, Наурыз мейрамының 10 күндігі аясында облыс сотарының арасында өткізілген бейнероликтер байқауын қорытындылап, байқауға атсалысқан сот әкімшілерінің басшылары мен мамандарға алғысын білдіріп, жеңімпаздарды марапаттады.
Жиында Департамент басшысының орынбасары Е.Бөрібаев сөз алып, сот жұмысын ұйымдастыру бағытында баяндама жасап, сот әкімшілерінің статистикалық есептің түзілуі бойынша талдау жасап, соттардағы кері байланыс жұмысын арттыру бойынша өз ұсынысын айтты.
Департамент басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл М.Асанова баяндама жасап, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларының сақталуы, баспасөз қызметінің жұмысы, материалдық техникалық қамтамасыз ету, қаржыландыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы атап өтті.
Ұйымдастыру-талдау бөлімінің басшысы Г.Сұлтанова статистикалық есепті түзу барысында кемшіліктерге жол бермеу керектігін атап өтіп, есептік карточкаларының ережеге сай толтырылуын назарда ұстау қажет екенін ескертті.
Баяндамалардан соң, сот жұмысын ұйымдастыру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылып, талқыланды.
Жиынды қортындылаған С.Сүлеймен алға қойған жоспарларды тиісінше орындап, еңбек тәртібін сақтау қашан да күн тәртібінен түспейтінін ескертіп, алдағы уақытта жұмыстарды сапалы атқаруды қатаң тапсырды.

БӨЛІСУ