Жалағаш ауданы бойынша 2024 жылдың 3 айында жоспарланған макроэкономикалық көрсеткіштерінде өсім қалыптасты.

Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және республикалық, облыстық және аудандық бюджеттен бөлінген қаржыларды мерзімінде игеру жұмыстарын үйлестіру мақсатында тиісті шаралар қабылдануда.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов меншік нысанына қарамастан сала бойынша жауапты барлық мекеме басшыларына ауданға қатысты көрсеткіштерді толық орындап, өсім қалыптастыруды қамтамасыз ету қажеттігін қатаң тапсырды.

Сондай-ақ, аудан әкімі: «Бюджет қаражатын мерзімінде әрі сапалы игерілуіне аса мән беру маңызды екенін айтты. Жоспарланған қаржыларды мерзімінде толық игеруді, оның ішінде республикалық, облыстық бюджет қаражаттарын 100 пайызға орындап, дебиторлық және кредиторлық берешектерге жол берілмеу тиіс»,-деді.

БӨЛІСУ