Жер телімдеріне қатысты қала әкімдігінің 466 қаулы жобасы қабылданған, 105 сатып алу және 319 жалға беру, барлығы 424 келісім шарт жасалған, 10 жер комиссиясының отырысы өткізіліп, нәтижесінде 611 құжаттың 273 жер учаскесіне оң қорытындысы және 338 теріс қорытынды берілген.
2024 жылдың І тоқсанында барлығы 560 жеке тұлға қала аумағынан жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер сұрап өтініш білдіріп, арнайы есепке алынған.
Жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
Жалпы саны 786 өтініш тіркелді.
2024 жылдың І тоқсаны бойынша – барлығы 786 жеке және заңды тұлғаға мемлекеттік қызметтер көрсетілді .
Оның ішінде:
Қызмет көрсетушінің кеңсесі (құжаттама бөлімі) арқылы – 174 тұлғаға;
«Электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы – 612 қызмет көрсетілді.
«Қызылорда-Жезқазған» трассасы бойындағы жалпы көлемі – 980 гектар аумағынан жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінің табысталуы туралы
«Бәйтерек» мөлтек ауданында берілген жер телімдерінің жеке тұлғалар тарапынан игеру мәселелері, атқарылған жұмыстар.
Облыс әкімдігінің 27.05.2013 жылғы № 148 қаулысымен бекітілген «Қызылорда-Жезқазған трассасы бойындағы жалпы көлемі – 980 гектар аумақтың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында жеке тұрғын үй құрылысы үшін 516 гектар, жолдар құрылысына 285,0 гектар, ортақ пайдаланудағы жасыл желектер үшін 19,0 гектар, әлеуметтік нысандар құрылысы үшін 51,0 гектар жер учаскелері белгіленген.
2005 жылғы арнайы жер кезектілігінде тұрған 11 163 азаматтардың өтініштерін қанағаттандыру мақсатында жер учаскелерінің көлемдерін 800,0-1000,0 шаршы метр аралығында орналастырылып 7587 азаматқа жер учаскесін табыстау мүмкіндігі жасалды.
Қазіргі таңда 2005 жылғы өтініш иелері тарапынан қалалық жер қатынастары бөліміне қажетті құжаттарын өткізген барлығы 4739 құжат жерге орналастыру жұмыстарын орындауға жолданып, 4003 азаматқа «Бәйтерек»1-3-4 тұрғын аудандарынан жер табыстау туралы қала әкімдігінің қаулысы қабылданып, қазіргі таңға жер актісін рәсімдеп алған азаматтар саны 5112 құрауда.
Бүгінгі күнге дейін игерілгені 3 183 (толық аяқталғаны -1 889 (1 435-жеке меншікке шыққан), құрылысы аяқталмаған – 623, іргетас салынғаны 671) оның ішінде 1 435 жер учаскесіне жеке меншік құқығы табысталған, 202 учаскенің жалдау мерзімі ұзартылған. 1 492 учаскенің жалдау мерзімі аяқталған.