Қалалық мәслихаттың XVIII сессиясы өтті. Сессияға қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев төрағалық етті.
Сессияға қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімі С.Қожаниязов, әкімнің орынбасарлары, аппарат басшысы, қоғамдық ұйымдардың төрағалары, құқық қорғау, салық органдары, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, кент және ауылдық округтердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібіне «2024-2026 жылдарға арналған Қызылорда қаласының бюджетін бекіту туралы» қалалық мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Қызылорда қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы», «Қызылорда қаласының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау және атау беру туралы», «Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» және «Қызылорда қалалық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының шешiмдерiне өзгерістер енгізу» мәселелер шығарылды.
Аталған мәселелерге байланысты қала әкімі аппаратының басшысы М.Тасқараев, қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Баймаханова, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Тажмаханов, қалалық мәслихат аппаратының заңгері М.Мұхтаров хабарлама жасап, берілген сауалдарға жауап берді.
Республикалық, облыстық, қалалық бюджет көздерінен бөлінген қаржылық жобаларға сәйкес, қаладағы кейбір әлеуметтік мекемелерге пандус орнатуға, Тасбөгет кенті мен Сабалақ саяжайының 15 көшесіне жарық шамдарын орнатуға, «Газ тасымалдау жүйесін дамыту» бағдарламасына, «Көлік инфрақұрылымын дамыту» бағдарламасы бойынша көшелерге сараптама қорытындыларын алу, оның ішінде Яссауи көшесін Ә.Бөкейхан көшесінен Әйтеке би көшесіне дейін жаңғырту, Н.Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылына дейінгі көше көше құрылысы, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылы бойынша «Қызылжарма» каналы арқылы автожол көпірін салу, Е.Көшербаев көшесін С.Бейбарыс көшесінен Бөкейхан көшесіне дейінгі жолды қайта жаңғырту, Қорқыт ата көшесінен көлік жол айырығына дейін Жаппасбай батыр көшесін жаңғырту, Белкөл кентіндегі екі көшені жарықтандыру, Тасбөгент кентіне жаяу жүргіншілер жолын салу, 4 көппәтерлі тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру, қалада санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және басқа жобаларға қаржылар бағытталды.
Сонымен қатар, сессия барысында Бәйтерек мөлтек ауданындағы атаусыз көше – жазушы «Дүкенбай Досжан» есімімен, Әбу-Насыр-әл-Фараби-17 көшесі – соғыс ардагері «Оспанов Қалмағанбет» есімімен, Герман Титов-8 көшесі – мәдениет қайраткері, журналист «Мақсұтұлы Оразбек» есімімен, Яссауи-6 тұйық көшесі – Ғылым мен қоғамдық қызметте еңбек сіңірген тарихшы ұстаз «Кереев Мәди Құрманұлы» атымен атау туралы ұсыныстар Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылды.
Сесссияға қатысқан қала әкімі Серік Салауатұлы: «Автобус паркіне такси электромобильдерін сатып алу, Сол жағалауда аяқ сумен қамтамасыз ету, Тәуелсіздік көшесін төрт жолақты етіп кеңейту, темір жол вокзалы мен базар аумақтарын сәулеттік келбетке сәйкестендіру, қала ғимараттарының дизайн кодқа сай болуы, бірнеше қаланың негізгі көшелерін абаттандыру, 35 көшені жөндеуден өткізу және басқа да жобалар бойынша жұмыстар атқарылатындығын жеткізді».
Сессия қарауына шығарылған барлық мәселелер жан-жақты қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.