Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің тапсырысы аясында «Жас Арал өрендері» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен «Жаңа дәуір – Жаңа Қазақстан» атты фестивалдің қорытынды кеші өтті.

Салтанатты шараны аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов сөз сөйлеп ашып, жастарға деген жыл сайын жаңа мүмкіндіктерге жол ашып келе жатқан фестивалдің маңызына тоқталды.

– Елімізді өркениетке апарар жолдың бастауында білім тұрады. Білімділігі мен біліктілігін байқатқан аудан жастары «Жаңа дәуір – Жаңа ғасыр» атты фестивалде өздерін басқа қырынан көрсете білді. Еңселі елдің болашағы өскелең ұрпақтың қолында екенін ескерсек, жердің де, елдің де иесі – жастар. Сондықтан елдің ертеңі болған аудан жастарының келешегіне сәттілік тілегім келеді, – деді Дәурен Оңғарбайұлы.

Мұнан соң «Ғылыми жоба» бағыты бойынша үздік болған жастарға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің оқу грантының сертификатын табыстады. Сондай-ақ «Интеллектуалдық сайыс» бағыты бойынша жүлделі орын алған жастарға «РЗА-АГРО» ЖШС басшысы, Имандосов Нұрлан Самұратұлының қаржылай сыйлығы табысталды.

Ал, «Жаңа дәуір – Жаңа ғасыр» фестивалінің “Патриоттық әндер” байқауы бойынша жеңіске жеткен жастарды «Ақжол құрлыс Қазалы» ЖШС Ақжолова Сания Нұржаубайқызы марапаттап, ақшалай жүлдесін тарту етті.

«Бақдәулет» ЖШС-нің қолдауымен өткізілген «Шахмат» бағыты бойынша, «Бақдәулет» ЖШС-нің басшысы Шәміл Ырысты Бақдәулет Асылханұлы жүлдегер жастарды марапаттап, сыйлықтарын табыстады.

Сонымен қатар, ауданымызда «Жастар бастамаларымен өткізіліп келе жатқан ауқымды іс-шараларға қолдау көрсетіп жүрген біршама кәсіпкерлер аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетейік, аудан жастары 4 бағыт бойынша бақ сынайтын фестиваль ауданымызда дәстүрге айналып, жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

БӨЛІСУ