Былтырғы жылы аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі 15 көше асфальтталып, 23 көшеге қиыршық тас төселген болатын. Мұндай жұмыстар биылғы жылы да жалғасын табуда. Бүгінгі таңда Әйтеке би кентіндегі Бегім ана және Сырым батыр көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет аталмыш көшелердегі жол жөндеу жұмыстарымен танысты.

Аудан басшысы Әйтеке би кентінің әкімі Мұрат Әбсұлтанов пен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндет атқарушы Жасұлан Сыдықовқа ең алдымен жол құрылысының сапасына мән беріп, жұмысты үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

Айта кетейік, аудан орталығындағы екі көшеніңде жол құрылысы жұмыстарымен «Нұрас и К» ЖШС айналысуда.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған Сыр өңіріндегі «Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық науқанына Қазалы ауданының тұрғындары белсенді қатысуда.

Аудан бойынша барлық елді мекенде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, аяқ су арықтары тазаланып, ағаштарды көктемгі қырқу, әктеу, сыртқы қоршауларды бояу, қоқыстарды шығару жұмыстары жүргізілуде.

Туған жердің тазалығы, көркейіп, гүлденуі – баршаға ортақ. Сондықтан санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына әрбір аудан тұрғыны атсалысуы тиіс.

БӨЛІСУ