“БІР МЕКТЕП — БІР ЖОБА” БАЙҚАУЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Жыл басында аймақ басшысының идеясымен бастау алған аймақтық байқау өз мәресіне жетті. Өңірдегі білім беру ұйымдары басшыларының инновациялық және кәсіби тәжірибелерін анықтау, тәжірибе алмасу, білім беру жүйесіндегі өзіндік кәсіби имиджді қалыптастыру мақсатында өткен байқау қорытындысымен “Мектеп абсерваториясы” жобасы бойынша Қызылорда қаласындағы 264 мектеп- лицейінің директоры Тұмырзаев Бек ІІІ орынды, “Media studio -оқу үдерісінде” жобасымен Жаңақорған ауданының 286 мектеп директоры Нәлібаева Ляззат ІІ орынды иеленсе, “Құндылықтарға негізделген тәрбие үдерісін модельдеу” тақырыбындағы ұлттық құндылықтарды ұлықтаған жобасымен Қазалы ауданындағы 17 мектептің директоры Сматуллаева Эльмира жүлделі І орынды жеңіп алып, арүайы дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтар алды.

Мұнан бөлек “Ұлттық мектеп” жобасымен Жалағаш ауданындағы 123 мектеп директоры Мыханова Айнұр, “Мектеп. Кәсіп. Болашақ” жобасымен Қармақшы ауданындағы 85 мектеп-лицейінің директоры Шыңғысова Шаттық, Шиелі ауданындағы 41 мектептің директоры Елжасарова Айгүл “Түлектер қауымдастығы — мектеп өмірінде” жобасымен, Қызылорда қаласындағы 101 мектебінің директоры Өткелбаева Айгүл “Жасыл мектеп” жобасымен “Үздік жобалар” атанды.

Байқаудың қорытынды кешіне қатысқан басқарма басшысы Асқарбек Темірбекұлы барлық 23 қатысушыға алғыс хаттар табыстады.

БӨЛІСУ