Су тасқынына қарсы күрес.12 әуе кемесі жауынгерлік кезекшілікте болады.
96 тоннадан астам гуманитарлық жүк жеткізілді. 7,3 млн текше метр еріген су тартылды, 921 мыңнан астам қапшық және 970 мың тонна инертті материал төселді. Авариялық-құтқару жұмыстарына 8789 адам, 1756 бірлік техника, 415 су айдау және 65 жүзу құралдары жұмылдырылды.
12 әуе кемесі жауынгерлік кезекшілікте жүр. Еліміздің 10 өңірінде әкімдіктер жергілікті төтенше жағдай жариялады. Сенім телефонына 973 қоңырау түсті. Барлық өңірде тәулік бойы жедел штабтар жұмыс істейді.
Оның айтуынша, өңірде әлі күнге дейін адамдарды құтқару және де Тобыл өзені маңайындағы халық тұратын жерлерде эвакуациялық жұмыстар жалғасуда. Барлығы 4 мыңнан астам адам құтқарылды.
«Жалпы жеке құрам және волонтер, өзіміздің полиция департаменті, сырттан келген Қызылорда Қарағанды әскери қызметкерлер саны 2 мыңнан астам адам қызмет жасауда. 72 теxника қызмет жасауда және де бүгінгі Қостанай облысы бойынша жағдай, Қостанай қаласы бойынша жалпы жағдай тұрақты күрделі деп айтуға болады. Қостанай облысы бойынша республикалық штаб жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдай министрі Аринов Чингис мырза осы Қостанай қаласында осы жалпы тұтас жағдайды өзі қадағалап осы жерде басқарып отыр. Халыққа айтарымыз, кез келген суға қауіпті болып тұрған үйлерді, xалықтың қандай бір кез келген басына түскен ауыртпалықты 112 телефонына xабарлассаңыз, біздің колл-орталқтарына хабарлассаңыз болады»,-деді спикер.
Теміржол және автожолымен Маңғыстау облысына, Теңіз және Атырау кен орындарына 26 109 адам, оның ішінде 5834 бала эвакуацияланды.«Құлсары қаласында 14 уақытша орналастыру пункті ашылды. Халыққа барлық көмек көрсетіледі. Көмек көрсету бойынша жедел желі жұмыс істейді. Тұрғындар ақпаратты уақытылы алады, барлық ескертуге жауап беріледі, авариялық-құтқару жұмыстары уақытылы жүргізіледі. Су деңгейі төмендеді», – деп түйіндеді спикер.
«Жергілікті ауқымдағы 6 ТЖ жарияланды. 6 896 адам эвакуацияланды, оның ішінде 3 580 бала бар. Уақытша орналастыру пункттерінде 1 333 адам қалып отыр, оның ішінде 536 бала бар; қосымша 161 уақытша орналастыру пункті дайындалды, оған 8 596 адам сыяды», – деп хабарлады ОКҚ брифингінде БҚО ТЖД бастығының м.а. Руслан Қасыбаев.
Су тасқыны басталғаннан бері Облыстық азаматтық қорғау қызметтерін тарта отырып, су тасқыны салдарын жою жөніндегі облыстық жедел штабтың жұмысы басталып кетті, осыған ұқсас штабтар Орал қаласы мен облыс аудандарында да жұмыс істейді.
Орал, Шаған және Деркөл өзендері деңгейінің көтерілуіне байланысты ойпатты учаскелерде орналасқан саяжайлар мен тұрғын үйлерді су басу қаупі сақталуда. Олар Орал қаласының бақылауында. Инженерлік техниканы тарта отырып, 5 учаскеде қаптар төсеу және халықты ықтимал эвакуациялау туралы хабардар ету, сондай-ақ жағалауды нығайту жүргізіліп жатыр. Қауіп сақталып тұр. Елек және Орал өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Успеновка, Қарашығанақ, Димитрово, Жаңаталап елді мекендерін су басу қаупі сақталуда. Димитрово және Қарашығанақ кенттерінен 25 адам эвакуацияланды.
Ресей Федерациясының 5 шекаралас аймағының департаменті мен ТЖМ арасындағы өзара іс-қимыл аясында трансшекаралық өзендердің жағдайы бойынша жедел ақпарат алмасу жүргізілуде. Ресей тарапының ақпараты бойынша 2024- жылдың 6 – сәуірінде Ирикли су қоймасына құятын ағын азайып, 2020 м3/сек құрады, су тастау 2 170 м3/сек құрады. ГТҚ толтырудың орташа деңгейі 92% – құрайды. Аймақта жаңбыр, тұман болады деп болжануда.