Сәуір айының 4-5 ші жұлдызында жылжымалы медициналық кешен Сырдария ауданындағы Шаған және Аманкелді ауылдарында болды.

Екі күн бойы дәрігерлер заманауи медициналық құрылғылар арқылы ауыл тұрғындары арасында қатерлі ісіктерді ерте сатысында анықтау мақсатында зерделеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде дәрігердің қабылдауында 150 тұрғын болып қажетті кеңес алды, оның ішінде МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі жоқ 90 тұрғын қабылдауда болды . Жіті тексерудің қорытындысы бойынша 1 қатерлі ісік анықталды, 2 қатерлі ісікке күмәнді болса, 9 қатерлі ісік алды тіркелді. Барлық анықталған тұрғындарға қажетті кеңес беріліп, облыстық онкология орталығының дәрігерлеріне жолданды. Сонымен қатар, 53 әйел маммографиядан өтті. Оның ішінде МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі сақтандырылмаған 46 әйел тексерілді. Дәрігердің нұсқаулығымен 85 тұрғын УДЗ зерттеуінен өтті, оның ішінде сақтандырылмаған 37 тұрғын тегін зерделеуден өткізілді.

Бұндай зерделеу жұмыстары әсіресе “Сақтандырылмаған” азаматтар үшін тиімді және дер кезінде ауруды анықтап, аурудың алдын алып, халықтың денсаулығын жақсартуға септігін тигізетіні сөзсіз.

Бұл өз кезегінде, шалғай елді мекендердегі тұрғындардың жоғары мамандандырылған медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға, орташа өмір сүру жасын ұзартуға мүмкіндік береді.
2 көліктен тұратын жылжымалы медициналық кешен томосинтез функциясы бар сандық маммографиялық жабдықпен, сарапшылық деңгейдегі ультрадыбыстық жүйемен және жоғары дәлдікпен зерттейтін компьютерлік томографпен жабдықталған. Екі құрал да Жапонияда жасалған. Мұндай кластағы және конфигурациядағы медициналық жабдық Қазақстанда алғаш рет қолданысқа берілуде.
“QH Денсаулық жолы” жобасының іске асырылуы онкологиялық ауруға шалдыққандарды ерте сатыда анықтауға мүмкіндік береді. Халықты онкологиялық скринингпен қамту бойынша қазіргі жоспар 60%-ды құрайды. Жобаны енгізу арқылы пилоттық өңірлер бойынша тексерумен қамтуды 70%-ға дейін ұлғайту көзделуде.

Атап өту керек, жылжымалы кешен 22 қарашадан бастап, Байқоңыр қаласында өз жұмысын бастады. Ал желтоқсан айының басынан Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, аудандарына шығып, жыл аяғына дейін 2 мыңнан аса тұрғынды онкоскринингтен өтпеген мақсатты контингетті және де сақтандырылмаған азаматтарды жылжымалы медициналық кешеннің зерттеу түрлерімен қамтыған.

Мобильді бригада құрамы 12 маманмен, атап айтқанда онколог дәрігері, ультрадыбыстық зерттеу дәрігері, сәулелік диагностика дәрігері, рентген-лаборант және т.б мамандарымен қамтылған.

БӨЛІСУ