7 СӘУІР — ГЕОЛОГТАР КҮНІ

Жыл сайынғы сәуір айының алғашқы жексенбісі геологтардың мерейлі мерекесі. Кен орындарының игерілуі, геологиялық зерттеулердің технологиялары мен әдістерін жетілдіруде геологтардың еңбегі ұшан-теңіз. Айтулы мереке қарсаңында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Инжинирингтік технологиялар» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Салтанат Аппазова мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Инжинирингтік технологиялар» білім беру бағдарламасының оқытушысы Ербол Серікбаев геология саласынындағы жетістіктерді баяндап, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

— Бұл сала мені мектеп кезінен қызықтырды. Жердің асты мен үстін зерттеуге деген ұмтылыс балдырған кезімізден басталды. Сол қызығушылық бізді біраз жетістікке жетеледі. Жеңістерге жеттік. Алдағы жоспарымыз осы мамандықты жетілдіру, дамыту, жаңа өндіріс орындарымен мемарандум жасап, ісімізді ілгерілету,- деді Салтанат Маратқызы.

— Геология — дәлелдеуді қажет ететін теория. Бұл салаға келуіме басты себепкер Қаныш Сәтбаев атамыз. Себебі, оның осы саладағы игі істері, төккен тері жас геологтарға үлгі. Мен бұл мамандықты таңдар сәтте бір жетістікке жетсем деген арман болды. Болашақта көптеген тағылымдаман өтіп саланы жетілдіргім келеді. Алдағы уақытта докторантураға тапсырып, жетістікке жету жолында еңбек еткім келеді,- деді Ербол Әлібекұлы.

Пайдалы қазбалардың көптеген түрлерінің расталған қоры бойынша республика әлемнің жетекші елдерінің алғашқы ондығына кіреді (хром бойынша – 1 орын, вольфрам бойынша – 2 орын, мырыш, қорғасын бойынша – тиісінше 3 және 4 орын, мыс бойынша – 6 орын).

Бұл ретте, пайдалы қазбаларды қарқынды өндіруге байланысты геология саласының алдында тұрған басты сын-қатері — қорлардың толықтыру деңгейінің төмендігі. Өндірудің қазіргі деңгейін алатын болсақ, тиісті толықтырусыз көптеген игерілетін кен орындарының қорлары таяу болашақта таусылатын болады.

Осыған байланысты, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді жандандыру талап етіледі. Бұл кейіннен жер қойнауын пайдалануға беру үшін перспективалы алаңдар мен объектілерді анықтау бойынша негізгі әдістердің бірі болып табылады.

2020-2022 жылдары мемлекеттік салымдардың көлемі 30 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте, соңғы жылдары мемлекеттік инвестициялардың ұлғаюы байқалуда. Әйтсе де, Қазақстан геологиялық барлауға салынатын мемлекеттік инвестициялардың 1 шаршы километрге төмен көрсеткішімен сипатталады. Бізде ол 11 АҚШ долларын құрайды. Мәселен, салыстыру үшін Австралияда – 167 доллар, Канадада – 203 доллар.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, инвесторлар өз қаражатын мемлекет есебінен болжамды ресурстары бар, перспективалы учаскелер базасы қалыптасқан жұмыстардың ерте сатыларын жүргізген немесе жүргізу үстіндегі елдерде кен орындарын барлауға салуда.

Мемлекет басшысы геологиялық зерделеуді арттыру, перспективалы учаскелерді анықтау, геологиялық зерттеудің инвестициялық тартымдылығын арттыру, минералдық-шикізат базасын молайту және т.б. үшін геология саласының алдына бірқатар міндеттер қойды.

БӨЛІСУ