ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

Қызылордалық полицейлер «Квадрат» жедел- профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Қасанов Айдар Демегенұлының бұйрығымен полиция қызметкерлері құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу мақсатында «Квадрат» жедел-профилактикалық іс-шарасын
№ 3 УПИ-ның ауқымды әкімшілік аумағында өткізілді.
Профилактикалық іс-шараның мақсаты құқық бұзушылықтардың алдын-алу, патрульдеуді жүзеге асыру, профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды, қару иелерін тексеру, тұрғындарға, шағын және орта бизнес иелеріне учаскелік инспекторларын таныстыру, заңмен белгіленбеген уақытта алкоголь өнімін сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көрсетілгенін ескерту, сондай-ақ кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы қылмыстарды болдырмау болып табылады.
Тұрғындардың мекен-жайларын аралау кезінде осы әкімшілік аймаққа жауапты учаскелік полиция инспекторларының аты-жөндері, қызметтік және ұялы байланыс телефондары көрсетілген визиткалар таратылды.
Аумақта 8240 тұрғын тұрады. Сонымен қатар, профилактикалық және тізімдік есепте тұрған 21 адамның 17-і мекенжай бойынша тексерілді. Олармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
Тұрғылықты жері бойынша азаматтық қарудың 196 иесінің 51-і тексерілді.
Атқарылған жұмыс барысында 24 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) 11 дерегі, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабы бойынша (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) 4 дерегі анықталып және ҚР ӘҚБтК-нің 492 бабымен бойынша (ҚР тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) 5-у құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шара көрілді.
Іс-шара барысында кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ата-аналармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қала тұрғындарын ұрлықты алдын алууа өздерінің мүліктерін (велосипед, скутер, коляска т.б) қараусыз қалдырмауларын, темір есік, решетка, дабыл белгісін, бейнекамера орнату жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.

БӨЛІСУ