Су тасқыны бойынша ахуалға қатысты Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдемесі.

Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы келесі жұмыстар жүргізілуде.

Су басқан өңірлердегі мал өлімінің алдын алу мақсатында малды қауіпсіз жайылым орындарына көшіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Жедел деректер бойынша шамамен 30 мың бас мал қауіпсіз жерге айдалды.

Сонымен қатар қауіп-қатердің әлі де сейілмей отырғанына және су тасқынының болжамды екінші толқынына байланысты жергілікті атқарушы органдар халықты ақпараттандыру және қауіпті жерлерден малды алдын ала айдап әкету бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Өкінішке қарай, су тасқынына байланысты мал шығынынан құтылу мүмкін болмай отыр. Сондықтан қазір өлген мал саны есептеліп, деректер нақтылануда.

 ҚР АШМ қызметкерлері өздерінің тікелей міндеттерін орындаумен қатар, су тасқынына қарсы күрес және олардың зардаптарын жою жұмыстарына жұмылдырылған.

Су тасқыны салдарынан ТЖ режимі кезінде мал өлген жағдайда өтемақы жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ басқа да қаржы көздерінен төленетін болады.

 Су басқан орындардан айдалған мал басына азық жетіспеген жағдайда, «Азық-түлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ фермерлердің өтінімдері бойынша төлемдерді кейінге қалдыру шартымен малға азық жеткізуді ұйымдастыруға мүмкіндігі бар. Ол үшін облыстық штабқа төмендегі нөмірлер арқылы хабарласу қажет:

Астана – 7172 24-51-47, 74-22-79

Алматы – 8-707-112-64-41

Шымкент – 7252 33-74-78

Абай облысы -7222 56-15-15, 56-37-59

Алматы облысы – 72772 2-61-02, 2-61-51

Ақмола облысы – 7162 52-55-18

Ақтөбе облысы – 7132 97-24-67

Атырау облысы – 7122 45-00-00

ШҚО- 7232 57-00-29, 57-00-35

Жетісу облысы – 7282 22-15-91, 22-38-52

Жамбыл облысы – 7262 45-68-29, 45-17-43

БҚО – 7112 51-42-22

Қарағанды облысы – 7212 43-36-36, 43-37-37

Қызылорда облысы – 7242 24-41-61, 24-58-30

Қостанай облысы – 7142 50-07-44, 50-04-55

Маңғыстау облысы – 7292 70-17-07

Павлодар облысы – 7182 32-36-92, 53-57-49

СҚО – 7152 52-24-54, 52-21-72

Түркістан облысы – 72533 5-99-96

Ұлытау облысы + 7102 72-11-65

БӨЛІСУ