Заң — мемлекет пен қоғам өміріндегі әділеттіліктің көрінісі.
15 наурызда Атырауда өткен Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев сөз сөйлеп елді дамыту, жаңа экономикалық саясатты құру жөніндегі маңызды бастамалар талқыланып жатқанын атап өтіп, дамыған ел болу үшін әлеуметтік-экономикалық салада ғана емес, сондай-ақ идеологиялық бағытта да жанжақты даму керектігі туралы айтты. Құрылтай отырысында жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру қажеттігі, оның кейбір негізгі құрамдас бөліктері тәуелсіздік пен патриотизм, заң мен тәртіп, әділеттілік пен жауапкершілік болып табылатыны атап өтілді. Шынымен де, кез келген мемлекет қоғамның саяси жүйесінің маңызды институты ретінде бірқатар белгілермен сипатталады, олардың ішінде ең бастысы тәуелсіздікті қамтитын мемлекеттің егемендігі болып табылады.
Тәуелсiз мемлекет азаматтарда, ең алдымен жастарда жоғары адамгершiлiк, моральдық-психологиялық және этикалық қасиеттердi қалыптастыру қажеттiгiн көздейдi, олардың арасында патриотизм, азаматтылық, Отанның тағдыры үшiн жауапкершiлiк және оны қорғауға әзiрлiк маңызды мәнге ие. Әділетті Қазақстанды құру үшін оның әрбір азаматы заң нормаларын құрметтеуі, заңға бағынуы және қоғамдағы тәртіпті сақтауы қажет. Өйткені заң тәртіп пен әділеттіліктің негізі болып табылады. Ал әділдік өз кезегінде жауапкершілікті білдіреді. Заң — мемлекет пен қоғам өміріндегі әділеттіліктің көрінісі. Әділдік мемлекетте барлық азаматтардың тең құқықтары мен міндеттері бар екенін, ал жауапкершілік қоғам мен мемлекеттің барлық жеке адамдарының өзара жауапкершілігін білдіреді деуге болады.
Мәдина Жүсіпбекова, Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі.