Қызылорда облысы ПД бастығының орынбасары ішкі істер органдарының болашақ қызметкерлерімен кездесті.
Қызылорда облысының Полиция департаментімен ішкі істер органдарының кадрлық әлеуетін жетілдіруге баса назар аударылуда, ішкі істер органдарына қызметке үміткерлерге жан – жақты қолдау көрсетілуде.
Осы ретте департаментті жас мамандармен жасақтау мақсатында қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес конкурс жарияланған болатын.
Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Омаров Оралбек үміткерлермен кездесіп, ішкі істер органдарындағы қызметтің артықшылықтары туралы айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ішкі істер органдарына қойылатын талаптарға сәйкес 35 жастан аспаған, біліктілік талаптарына сәйкес келетін және полицияда қызмет етуге жарамды деп танылған 36 үміткер қажетті нормативтерді тиісті түрде тапсырды. Ендігі кезекте олар ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының базасына 2 айлық алғашқы даярлық курсында тәлім алатын болады. Оқу орнын бітірген соң түлектер Қызылорда облысының Полиция департаментінде жұмыспен қамтылатын болады.
Осыған байланысты үміткерлердің әрқайсысымен жеке сұхбаттасқан О.Омаров қойылатын нақты талаптар мен міндеттерді еске салды. Себебі Жаңа Қазақстанның полицейі көпке үлгі, кәсіби маман болуы тиіс.
Айта кетерлігі, бос лауазымды қызметтерге конкурс туралы алдын ала Қызылорда облысы Полиция департаментінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына хабарлама берілген болатын.