«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының тұрақтандыру қорындағы бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы төмендетілді.

15 наурыздан бастап арзандаған тауарлардың тізімінде басты пияз, қырыққабат, өсімдік майы, қарақұмық жармасы бар. Басты пияздың бағасы бұрын 50 теңге болса, бүгінде 30 теңгеге түсірілді. Ал қырыққабат 115 теңгеден 55-ке, өсімдік майы 520-дан 350 теңгеге, қарақұмық бұрын 300 теңге болса бүгінде 230 теңгеге арзандатылды.

Тұрақтандыру қорының жұмысы жөніндегі басқарма басшысы Мейрамбек Кеңесұлы бүгінде маусымаралық кезеңнің аяқталуына орай азық-түлік тауарларының бағаларын түсіріп жатқандығын айтты. Мысалға, базардағы пияз бағасы бүгінде 80-120 теңге аралығында болса, осы бағаны тұрақтандыру мақсатында корпорация арқылы барлық аудандар мен қалада жуаны қазіргі кезде 30 теңгеден сату ұйымдастырылуда деді.

Айта кетейік, тұрақтандыру қорындағы бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін қаламыздағы 37 әлеуметтік дүкен мен 10 ірі сауда үйлерінен және үй жанындағы дүкендерден төмен бағада сатып алуға болады.

Маусымаралық кезеңнің аяқталуына орай 15 наурыздан бастап «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның тұрақтандыру қорындағы бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы төмендетілген болатын.

Арзандаған тауарлардың тізімінде басты пияз, қырыққабат, өсімдік майы, қарақұмық жармасы бар. Осы орайда 2 апта ішінде қоймадан жалпы көлемі 439 тонна азық-түлік өнімі босатылды. Оның ішінде басты пияздан 367,3 тонна сатылса, 49,7 тонна картоп және 22 тонна сәбіз өңірлік тұрақтандыру қорынан босатылған.

Бүгінде біз маусымаралық кезеңнің аяқталуына сәйкес басты пияздың бағасын 30 теңгеге төмендетіп отырмыз. Осыған сәйкес, 2 апта ішінде қала және аудандардан түскен сұранысқа сәйкес 370 тонна жуамыз сатылып отыр. Тұрақтандыру қорынан босатылған бұл өнімдер әр аудан мен қаламызда жәрмеңкелер арқылы халыққа төмен бағада сатылуда, – деді Тұрақтандыру қоры басқармасының басшысы Мейрамбек Серікбай.

Айта кетейік, бүгінде корпорацияның ұйымдастыруымен қаламыздағы “Сыбаға” базары мен жылжымалы көлік арқылы басты пияз тұрғындарға 30 теңгеден сатылуда. Мұнан бөлек, қаладағы 37 әлеуметтік дүкендер мен ірі сауда үйлерінде және 14 үй жанындағы дүкендерден тұрақтандыру қорының өнімдерін төмен бағада алуға мүмкіндік жасалынған.

©️«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі

БӨЛІСУ