«Ашықтық пен есептіліктің болуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте басты рөл атқарады. Осы модульдерді енгізе отырып, педагогтерді жұмысқа қабылдау кезінде қағаз жүзіндегі құжат айналымын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін толық жою жоспарлануда. Жүйені іске қосу алдында басқарма, бөлімдер мен білім беру ұйымдарының мамандары үшін оқыту ұйымдастырылды», — дейді ҚР ОМ Цифрландыру департаменті директорының орынбасары Майра Маралбаева.

Бұған дейін аталған модуль Шымкент қаласында және Қарағанды облысының Шахтинск қаласында сынақтан өтті. Сондай-ақ жұмыс іздеу және қажетті персоналды таңдау бойынша еліміздің басқа өңірлерінде де ашықтық жағдай жасау үшін ҰБДҚ-ның «Электрондық еңбек биржасы» платформасымен өзара интеграциясы жоспарланған.