Бүгін «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Болат Сыздық және партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы өкілдерінің қатысуымен Тұран ауылдық округі, «Самара-Шымкент – Қодаманов» автожолындағы К-3 каналындағы көпір құрылысына партиялық бақылау бекеті орнатылды.

Бұл көпір іргетасының қаланғанына ғасырға жуық уақыт болып қалған. Сонан бері ара – кідік жөндеу жұмыстары жүргізілген. Алайда 4 мыңға жуық халық қоныстанған ауылды аудан орталығымен байланыстырып тұрғандықтан тұрғындар тарапынан оның сапасына қатысты көптеген арыз-шағымдар айтылған. Міне азаматтар өтініші жерде қалмай партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында мұнда жаңа көпір салынбақ.

Жаңа көпір құрылысына бюджеттен тиісті қаражат бөлінген. Бас мердігер « Жылу – ХХІ» ЖШС. Жұмыс наурыз айында басталған, тамыз айында аяқталу жоспарланып отыр.
Бүгін орынталған Партиялық бақылау бекетінің басты мақсаты да – құрылыс сапасын, бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын бақылап отыруды көздейді. Көпір құрылысы толық аяқталып, халық игілігіне берілгенше «AMANAT» партиясының тікелей бақылауында болады.

БӨЛІСУ