Бүгін Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің 85 жылдығына орай Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы қорынан ұйымдастырылған «Адамзаттың Абайы» атты көрменің ашылуы өтті.

Шараға Абайтанушы Жолдасова Тохташ, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Аңсатов Сәдуақас, Қорқыт Ата университетінің аға оқытушысы Әбілов Алдажар, мәдениет орталықтары мен қоғамдық ұйымдар мүшелері, БАҚ, ЖОО-ның студенттері, жергілікті ғалымдар, мектеп мұғалімдері және әдебиетшілер, тарихшылар қатысты.

Көрмеге хәкім А.Құнанбайұлының алақанының табы қалған, 1885 жылы досы Н.Долгополов арқылы Семей қаласындағы Облыстық тарихи-өлкетану музейіне тапсырған заттары: «Тұмар» домбырасы, сыбызғы, торсық, ағаш құты, піспек, 1909 жылы алғашқы жарыққа шыққан Абайдың өлеңдер жинағы, Отан соғысына қатысқан Абай ұрпақтарының хаттары көрермен назарына ұсынылады сияқты бірегей жәдігерлер қойылды.

БӨЛІСУ