Қызылорда облыстық мәслихатының Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, «Ақ жол» партиясынан сайланған облыстық мәслихат депутаты Б.Сандыбаевтың төрағалығымен тұрақты комиссия отырысы өтті. Аталған отырысқа облыстық мәслихат депутаттары «AMANAT» партиясынан сайланған Ж.Нұрымбетов, Н.Бақытбекұлы, Б.Махашов, Б.Базарбаев, Н.Имандосов, О.Төлепов, А.Рахметов, Д.Жұмбеков, «Ауыл» партиясынан сайланған Қ.Сақтағанов, Е.Қалиев, «Ақ жол» партиясынан сайланған Н.Сопбеков, облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы М.Усаин, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы М.Акбар және басқарманың тиісті сала мамандары қатысты.

Тұрақты комиссия отырысының күн тәртібінде:
1) «Қызылорда облысының көлемінде тұтынушыларға коммуналдық қызмет (электр жарығы, ауыз су, сарқынды суды бұру/канализация/,тұрмыс қалдықтарын шығару, пәтер иеленушілер кооперативтері қызметі) көрсету жайы туралы» және «Қызылорда облысының елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар және оны жақсарту шаралары туралы»;
2) «Қызылорда облысының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 18 маусымдағы № 325 шешімінің күші жойылды деп тану туралы;
3) «Қызылорда облысының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы» 3 мәселе қаралды.
Аталған мәселелер бойынша басқарма басшылары хабарлама жасады.
Хабарламадан соң, депутаттардың тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, отырыс соңында күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бойынша шешім жобасы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының қарауына ұсынылды.

БӨЛІСУ