Облыс әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Күн тәртібінде әр түрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы, ауыл шаруашылығы жерлерін бөлу және осы саланы субсидиялау барысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алу шаралары, облыстың спорт саласында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері, сондай-ақ құрылыс мерзімі ұзаққа созылған объектілердің қазіргі жағдайы және проблемалық нысандардың санын қысқарту бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәселелер қаралды.

Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының орындалу барысы талқыланып, қауіпті кеселге жол бермеу жөнінде тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Комиссия отырысының қорытындысымен аудан әкімі Ардақ Ибраимов барлық мекеме басшылары қызметкерлер мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, адалдықты және әділдікті, халыққа және мемлекетке әдал қызмет етуді қалыптастыруда нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген іс-шаралар жоспарында берілген тапсырмалардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді, халыққа қолайлы жағдайлар жасау үшін барлық мекеме ғимараттарында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының тұрақты жұмыс жасауын ұйымдастыруды, жеке және заңды тұлғаларға арнап жиі қабылдау өткізу жөнінде нақты тапсырмалар берді.

БӨЛІСУ