Бүгін Қазалы жұртшылығы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін кең көлемде тойлады. Аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі Орталық алаң мен Қ.Пірімов көшесінің бойында қаз-қатар киіз үйлер тігіліп, ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін шаралар мен ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Мереке нышаны саналатын наурыз көже әзірленіп, әсерлі ән мен жыр төгілді.

Мереке аясында аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбетпен бірқатар зиялы қауым өкілдері және ардагерлердің қатысуымен тұсау кесу рәсімі өтіп, 24 бүлдіршіннің тұсауы кесілді.

Ұлттық салт-дәстүрлеріміз дәріптелген мерекелік шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов ақ батасын беріп, бүлдіршіндерге жарқын болашақ тіледі.

БӨЛІСУ